Алматы облысының таулы аймағында 25 бала жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Талғар ауданында "Тау самалы" таулы аймағында адамдар жоғалып кеткен. Құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 метр қашықтықта жолдан адасқан 1 ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздеп, тапты.
Қабылданған шаралармен Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.
Демалуышылар медициналық көмек мұқтаж емес.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!