Жастар Алматы облысындағы тауларға көтеріліп, өз бетінше түсе алмай қалған. Құтқарушылар көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
15 және 20 жастағы екі жас жігіт, сондай-ақ 21 жастағы қыз Қырғауылды ауылының тауларына шығып, қайтар жолда күн батып соқпақтан адасып, өздігінен түсе алмай қалған. Оқиға 20 шілдеде кешке болды.
Адасқандар ұялы телефонның көмегімен "112" нөміріне қоңырау шалып, орналасқан жерін жібере алды.
ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалғандарды олардың координаттары бойынша тауып, қауіпсіз жерге алып барып, туыстарына тапсырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!