Алматы облысының тауларында турист құздан құлап кеткен

Алматы облысының тауларында турист құздан құлап кеткен
Фото: Видео кадры

Алматы облысындағы Букреев шыңы маңында құтқарушылар жарақат алған туристі теңіз деңгейінен 3010 метр биіктіктен эвакуациялады. Құздан құлап, басынан жарақат алған бойжеткенді алып шығу үшін тікұшақ жұмылдырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен туристі таулы аймақтан эвакуациялау операциясына ТЖМ-нің "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары қатысты.

Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен құздан құлап, басынан жарақат алған. Ол өздігінен қозғала алмаған. Құтқарушылар жеткенге дейін куәгерлердің бірі оған алғашқы көмек көрсеткен.

Зардап шеккен адамды эвакуациялау үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы тартылды. Бойжеткен таулы аймақтан "Медеу" тікұшақ алаңына жеткізіліп, одан әрі медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ayan (@mstv___a) жарияланымы

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget