Алматы облысының тауларында 18 жастағы туриске көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарасай ауданында Қарғалы шыңының етегінде, 2600 метр биікте турист ауыр жарақат алып, таудан түсу үшін құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған.
Қалың тұман, жаңбыр мен бұршаққа байланысты зардап шеккен туристі іздеу, эвакуациялау және тасымалдау жұмыстары түні бойы жалғасқан.
ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Мониторинг және жедел ден қою орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, зардап шеккен азаматқа жеткен.
"Ер адамға қойылған алдын ала диагноз бойынша қолы мен аяғы сынған, сондай-ақ, бетінде және денесінің басқа бөліктерінде түрлі жарақат бар. Зардап шеккен азамат зембілмен таулы жерден төмен түсіріліп, одан әрі медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!