Алматы облысының даму қарқыны

Алматы облысының даму қарқыны
Фото: bnews.kz

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіпте 339,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 100,8% құрады.

Тау-кен өндірісі жалпы өндіріс көлемінің 2,1% құрайды, есепті кезеңде 7,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 81,7% құрап, 277,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.

Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау облыстың жалпы өндіріс көлемінің 15,2% құрайды (51,5 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау – 1,0 % құрады (3,3 млрд. теңге).

Тамақ өнеркәсібінде 2015 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда етті қайта өңдеу және консервілеу 15,2%, балық 43,6%, өсімдік және мал майы мен тоң май өндіру 29,4%, сүт өнімдерін өндіру 6,3% артып, сусындар өндірісі 9,6%, темекі өнімдері 7,1% төмендеді.

Өнеркәсіпте жаңа 28 нысан іске қосылып, 11 өндірісті кеңейту есебінен қосымша 734 жұмыс орны құрылды.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауылшаруашылығында жалпы 176,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 102,7% құрады.

161,8 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ке өсті, тиісінше сүт 408,6 мың тонна (101,5%), жұмыртқа 595,4 млн. дана (100,4%), қырқылған жүн 8,2 мың тонна (101,5%).

Мал басының саны мынадай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара 1097,6 мың бас (өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,3%), қой мен ешкі 4211,4 (101,6%), шошқа 114 мың бас (102,1%), жылқы 322 (103,2%) және құс 8596,7 мың бас (88,6%).

2016 жылдың 15 тамызына егілген 367,3 мың гектар дәнді дақылдардың 250,1 мың гектары жиналып, жоспардың 68,1% орындалды, орташа өнімділігі бір гектардан 20 центнерді құрады, жалпы түсімі 499,6 мың тонна.

39,1 мың гектар картоптың 6 мың гектары жиналып, әр гектардың өнімділігі 177 центнерді құрады, жалпы түсімі 106,6 мың тонна.

31,7 мың гектар көкөністің 13,3 мың гектары жиналып, өнімділігі бір гектардан 288 центнерді құрады, жалпы түсімі 382 мың тонна.

Жемшөп дайындау науқаны жүргізілуде, 1569,1 мың тонна шөп дайындалды немесе белгіленген жоспардың 77,8%, 93,2 мың тонна пішендеме немесе 98,5%, сабан 112,9 мың тонна немесе 51,8%.

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2016 жылдың қаңтар-шілде айларында 269,3 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 100,3% құрады.


Инвестицияның негізгі көлемі 161,7 млрд. теңге немесе 60% кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен, республикалық бюджеттен 20,4 млрд. теңге немесе 7,6%, жергілікті бюджеттен 28,5 млрд. теңге немесе 10,6%, банк несиелері 9,9 млрд. теңге немесе 3,7% және басқа да несие қаражаттары 48,8 млрд. теңге немесе 18,1%.

БЮДЖЕТ

2016 жылдың 1 тамызына мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 139,2 млрд. теңгені құрап, болжам 111,2% орындалды. 

Республикалық бюджетке 64,1 млрд. теңге түсті немесе болжам 112,1% орындалды, жергілікті бюджетке 75,1 млрд. теңге (110,5%).

Бюджет кірістерінің негізгі көздері: қосымша құн салығы 22,2%, корпоротивтік табыс салығы 9,2%, акциздер 33%, жеке табыс салығы 11,4%, әлеуметтік салық 7,9%, мүлік салығы 4,3%.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2016 жылдың қаңтар-шілде айларында облыста 14269 жұмыс орны құрылды. 

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа тұруға тіркелген 28661 адамның 22790-ы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға 4412 адам, мамандыққа даярлауға 1339 адам жіберілді.

Әртүрлі әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасындағы 101,5 мың алушыға 1366,4 млн. теңге көлемінде төленді, оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балаларға – (38,3 мың адамға) 458,1 млн. теңге, кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – (2,8 мың алушыға) 62,2 млн. теңге.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады (2016 жылдың 2 тоқсанына).

2016 жылдың ІІ тоқсанында орташа нақты еңбекақы 16,5% артып, 107634 теңгені құрады.

Дереккөз: alashainasy.kz 

T. Кіршібаев