Алматы облысының әкімдігі екі фотоаппаратты 11,4 миллион теңгеге сатып алмақшы. Бұл туралы ақпарат Telegram-каналдардың бірінде жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы облысының әкімдігі жедел түрде әлдебір түсініксіз редакцияға халықтың ақшасынан 11,4 миллион теңгеге екі фотоаппарат сатып алмақшы. Құрметті Марат Елеусізұлы, құлайын деп тұрған мектептерге көңіл бөлгеніңіз жөн болар еді", - делінген жазбада.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова бұған қатысты түсінік берді.
Ол бұл фотоаппараттар екі фототілші және мобилографқа керек екенін растады.
Оның сөзінше, баланстағы осыған ұқсас жабдықтар ескірген және 8 жылдан астам қолданылған.
"Айта кету керек, тек жабдық емес, сонымен бірге бөлшектері де сатып алынады және көрсетілген баға осы саладағы негізгі нарықтық талдауға негізделген", - деді Жанна Арынбекова
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!