- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысының әкімдігі...
Алматы облысының әкімдігі автобустар "зираты" қалай пайда болғанын түсіндірді
Алматы облысының әкімдігі Алматыдан шамамен 60 шақырым жерде автобустар "зираты" қалай пайда болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі 2022 жылдың 22 қазанындағы № 4/547 қаулы бойынша 300 автобус Алматы облысына өтеусіз негізде берілген. Автобустар жөндеуді қажет етеді және ішінара бөлшектелген.
"Алматы облысы өз тарапынан автобустағы ақауларды анықтаумен және оны қалыпқа келтіру жұмыстарын бағалау жұмыстарымен айналысып жатыр. Жөндеуге келетін көліктерді әкімдік іске қосады. Кейбір көліктер жөндеуден өтіп, олар қазірдің өзінде жолаушыларды тасып жүргенін атап өткім келеді. Жаңа көліктер маусымның ортасында таныстырылған", - дейді әкімдік өкілдері.
Еске салайық, "зираттың" фото және видеоларын Instagram-қолданушысы парақшасында бөліскен болатын. Автобустар Алматыдан шамамен 60 шақырым жердегі Жетіген ауылында жиналған.
Фото: instagram.com/ajupventure
Фото және видеолардан автобустарда сырт көзге айтарлықтай ақау байқалмайтынын байқауға болады. Көбінің терезесі сынып, есігі ашық тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина