- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысының әкімі...
Алматы облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырып, қазір емделуде.
– Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Себебі соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. Ауру белгісіз өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып, ем қабылдап, жұмысын жалғастырады, – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Өткен аптада елдің білім беру, ауыл шаруашылығы және экология министрлері оқшауланудан шығып, қызметке кіріскен болатын. Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин де оқшауланудан шықты. Олар – денсаулық сақтау министрі, коронавирус жұқтырған Елжан Біртановпен жақын қатынаста болған адамдар.
Елде коронавирус жұқтырғандардың арасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли бар.
Қ. Слямбек