- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысының әкімі...
Алматы облысының әкімі жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді
Жер сілкінісіне байланысты Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Халықтың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы мен ұйымдастыру шаралары талқыланды.
"Өңірдегі барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, полиция бөлімі мен жедел медициналық жәрдем қызметі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз.
Егер сізде қандай да бір мәселелер немесе сұрақтар туындаса, жедел жәрдем қызметіне телефон арқылы хабарласыңыз:
- Полиция: 102
- Жедел жәрдем: 103
- Газ қызметі: 104
- Электр қызметі: 105
Облыс тұрғындары мен жұртшылығының сақтық шараларын сақтауға шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова