Алматы облысының тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысында полиция қызметкерлері Шелек ауылының 47 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұстады.
– Сарапшылардың зерттеуі тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін растады, оның жалпы салмағы 9 кг 520 гр болып шықты.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі аудандық полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп атап өтті Еңбекшіқазақ ауданы ПБ бастығы Дәурен Құтпанов.
Тәртіп сақшылары істің мән-жайларын жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттерін жалғастырып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз