Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Іле ауданындағы зауыттардың біріндегі жарылыс кезінде зардап шеккен бес адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен бес адам Іле аудандық ауруханасына жеткізілген.
"Газ-ауа қоспасы жарылысынан зардап шеккен 5 адам келіп түсті. 4 адам медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Бір науқас травматологиялық бөлімге жатқызылды. Беттің, екі қолдың, кеуде қуысының II-ІІІА дәрежелі термиялық күйік диагнозы қойылды. Жағдайы орташа", - деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Еске салайық, Алматы облысы Іле ауданындағы жылу оқшаулағыш плиталар шығаратын зауыттардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, артынан өрт шыққан болатын. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!