Күннің жылынуына байланысты Алматы облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі бар. Синоптиктердің мәліметінше, бұл қауіп 16-18 сәуір аралығында сақталады.
"Алматы облысының таулы аймақтарында жылымықтың әсерінен 16-18 сәуір аралығында қар көшкіні болуы мүмкін. Қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар",−- делінген ескерту хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер демалыс күндері ауа температурасының жоғарылайтынын ескертті.
Дереккөз: tengrinews