- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысындағы табиғи...
Алматы облысындағы табиғи паркте қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында жыртқыш аңдар фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қар барысы – 1978 жылы еліміздің Қызыл кітабына енгізілген Қазақстанның сирек кездесетін ірі жыртқыштарының бірі. 2013 жылы Бішкекте Қазақстанды қоса алғанда, 12 ел Қар барысы мен оның экожүйесін сақтаудың жаһандық бағдарламасын (GSLEP) қабылдады. Осы бағдарлама аясында 2013 және 2017 жылдары Бішкек декларацияларына қол қойылды.
"2024 жылғы 11 Ақпанда Өзбекстанда COP 14 аясында GSLEP отырысы өтті. Бұл кездесу бағдарламаны жүзеге асырудағы прогресті талқылауға және барысты сақтау бойынша одан әрі іс-қимыл жоспарларын жасауға арналды. Бұл құжаттар қар барысын сақтау қажеттіліктерін нақты тұжырымдайды, сонымен қатар адамдар үшін де, табиғат үшін де жағымсыз салдарға әкелетін тау экожүйелерінің апатты деградациясының алдын алу мақсатында тұрақты даму жолымен жүру қажеттіліктерін көрсетеді", - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратқан хабарламада.
Ұлттық парк аумағында 2023 жылы жабайы жануарларды есепке алу қорытындысы бойынша 20-ға жуық қар барысы тіркелді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан