- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысындағы шахта...
Алматы облысындағы шахта құлауы мүмкін - прокуратура
Алматы облысында құлау қаупі төніп тұрған қорғасын шахтасы табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Қадағалау органы кеніштен түсірілген видео ұсынды.
Қарағанды және Павлодар облыстарында болған қайғылы оқиғалардан кейін облыс аумағында ұқсас деректерге жол бермеу мақсатында Алматы облысының прокуратурасы Кеген ауданындағы "Тұйық" қорғасын кен орнының ұңғымада (бұдан әрі - шахта) тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу деректерін анықтады.
Тексеру барысында шахта бекіністерінің деформациясы мен зақымдануын, шатыр мен борттар бойынша тау массасының бөліктерінің қатып қалуы, сондай-ақ, жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалының паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың болмауы анықталған.
Бұл бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына қайтымсыз әсер етуі мүмкін еді және нақты мұның салдарынан шахта құлауы мүмкі.
Осыған байланысты, прокуратураның үйлестіруімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ӘҚБтК-нің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) әкімшілік іс қозғалып, бұл бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Сонымен қатар, МАЭС шешімімен ықтимал теріс салдарларды болдырмау мақсатында шахтаның қызметі бұл бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек