Алматы облысындағы өрт бір аптадан кейін ауыздықталды

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толықтай сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы, Шымкент қалаларының, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сонымен қатар, ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары жұмылдырылды.

Мән-жайы

Еске салайық, бұған дейін Алматы - Өскемен тасжолының 35-шақырымында, Алатау ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққаны хабарланды. 

Өртсөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше күн күресті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!