Алматы облысында 4-сынып оқушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының Білім басқармасы мәліметінше, 23 сәуірде Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болған.
"Сабақ кезінде қыз өзін нашар сезініп, есін жоғалтқан. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы №118 бұйрығына сәйкес медециналық көмек көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысын аман алып қала алмады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Оқушы жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.
Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!