- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысындағы мектепте...
Алматы облысындағы мектепте жер сілкінісінен кейін жарықтар пайда болғаны рас па?
Желіде Алматы облысында жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғасы жарылып кеткен деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео кадрларынан мектеп қабырғасында үлкен жарықтар пайда болғаны көрінеді.
Бұл - Еңбекшіқазақ ауданы, Қайыпов ауылындағы мектеп. Ол 2015 жылы салынған.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі 2015 жылы салынған мектеп ғимаратының қабырғасындағы бұл жарықтар жер сілкінісіне дейін болғанын хабарлады. Алайда жер сілкінісінен кейін жарықшақтар 10 сантиметрге дейін кеңейгені айтылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ақпарат үшін: бүгінде мектепте 564 оқушы оқиды. Оқу процесі күндізгі режимде жүргізіледі. ТЖ басқармасы апатты жағдайды мойындамады", - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы жер сілкінісінен кейін ондаған мектеп пен ауруханада жарықтар пайда болған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек