Алматы облысындағы жаппай жол апаты: зардап шеккен адам бар

Алматы облысында 18 көлік соқтығысқан оқиға салдарынан зардап шеккен адам бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, жол апатының негізгі себебі - қалың тұман.

"Оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Жол апаты салдарынан бір жолаушы жеңіл дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Өңірлік полиция жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

"Жол көрінбеген жағдайда жылдамдықты азайту, қауіпсіз қашықтықты және жол ережелерін қатаң сақтау аса маңызды. Құтқару қызметтерінің хабарламалары мен ауа райы жағдайын ескере отырып, сапарларды алдын ала жоспарлау қажеттігін еске саламыз", - деп ескертті полиция.

18 көлік соқтығысқан оқиға

15 қаңтарда сағат 07:30 шамасында Алматы - Өскемен тасжолының (Алматы - Қонаев бағыты) 28-шақырымында 18 көлік жол апатына ұшырады.

"ҚазАвтоЖолдың" алдын ала ақпараты бойынша жол апатының себебі жүргізушілердің жылдамдық режимін және қашықтықты сақтамауы болды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!