Алматы облысында дәрігерлер уланып қайтыс болған отбасынан жалғыз аман қалған әйелдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 1985 жылы туған әйел 4 мамырда Қарасай ауданының көпсалалы ауданаралық ауруханасына түскен.
"Диагнозы - белгісіз затпен ауыр улану. Жүргізіліп жатқан емдеу аясында жағдайы жақсарды. Өздігінен тыныс алады. Бөлімшеге ауысуға дайындалып жатыр", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әкесі мен төрт баласы тамаққа уланып қайтыс болғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!