Алматы облысында жеңіл автокөлікте үш адам қысылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 қаңтарда таңертең Алматы облысында Ұлан және Жамбыл кенттері арасында екі көлік жол апатына ұшыраған. Бір көлікте үш адам қысылып қалған.
"Бес адамнан тұратын құтқарушылар жедел түрде көмекке шықты. Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару жабдығының көмегімен үш адамды көлік құрсауынан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!