Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы балабақшалардың бірінде ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен 3 жасар бала ауруханада көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға туралы полицияға 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында хабарланған. "Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерделеу үшін қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы.
Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Баланың жынысын УЗИ-ден бұрын қалай анықтауға болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!