- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысындағы әйел...
Алматы облысындағы әйел мен екі баласының өлімі: полиция тың дерек айтты
Алматы облысы Полиция департаменті өкілі әйел мен оның екі баласының жантүршігерлік өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 14 қыркүйекте сағат 23:24-те Іле ауданының Полиция басқармасына Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің біріндегі өрттен кейін К. мен оның екі кәмелетке толмаған баласының зорлық-зомбылық белгілері көрінетін мәйіттері табылғаны туралы ақпарат түскен.
"Бұл дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық аудандық полиция бөлімшесіне және көршілес өңірлердің Полиция департаменттеріне бағдарлар жолданды", - деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында ер адам екі баласы бар әйелді өлтіріп, өртеп жіберді деген ақпарат тарағаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам температурасы қаншаға жеткенде көз жұмады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова