Алматы облысында жауынның көптеп түсуіне байланысты бірнеше үйді су басқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс әкімдігі таулы аймақта жауын-шашынның көптеп түсуінің салдарынан Беріктас ауылының кейбір аулаларына және үйлеріне су кіруіне қатысты пікір білдірді.
Осыған дейін хабарлағандай, таулы аймақта жауын-шашынның көптеп түсуінің салдарынан 15 шілдеде сағат 15.25-те Беріктас ауылының Достық, Қармысов, Әжібай ата көшелеріндегі 15 аулаға, оның ішінде 3 үйге су кірген.
Адам және мал шығыны жоқ.
Төтенше жағдайлар бөлімінен 18 адам, 3 техника, Беріктас ауылындағы өрт сөндіру бекетінен 4 адам, 1 техника, ЖАО 9 адам, 3 техника, ӘБ №28237 54 адам, 4 арнайы техника суды бұру жұмыстарын жүргізген.
Қармысов көшесіндегі суды бұру мақсатында, құмнан бөгет жасалды. Қазіргі уақытта 28237 әскери бөлімінің, Алматы облысы ТЖД және ЖАО күштерімен тұрғын үй, аула учаскелеріндегі және құдықтардағы балшық массаларын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Карамысов көшесінде орналасқан ұзындығы 500 метр арық желілерін тазарту, тереңдету және кеңейту бойынша жұмыс жүргізілді. Инертті материалдар салынған қапшықтарды дайындау бойынша жұмыстар жоспарланған.
Сағат 19.20-да су ағыны тоқтаған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!