Алматы облысында Жібек жолы ауылын су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желіде пайда болды.
Ауыл тұрғындарының сөзінше, түнгі уақытта бірнеше көшені су басқан.
Алматы облысының әкімдігі бұл дерекке қатысты пікір білдірді. Жібек жолы ауылы, Қарасу, Ақдала, Ақсу, Ақ жазық, Көкқайнар, Бөгенбай батыр, Баласаз, Жиделі көшелерінде жер астынан шыққан сулар жиналған.
"Қазіргі таңда әкімдік тарапынан арық жүйелерін қазу және арнайы техникалармен суды сорғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін төрт шақырымнан аса арық жүйелері қазылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда бұл аймақта жаңдай қалыпты және тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!