Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылындағы аула аумақтарын су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, 5 наурызда Алматы облысы Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында температураның жоғарылауына және қардың қарқынды еруі салдарынан құрғақ арнадағы су деңгейі көтерілгендіктен, көшелер мен жеке тұрғын үйлердің 6 аула аумағы су астында қалған.
ТЖД 10 қызметкері, 2 бірлік техникасы, 2 мотопомпасы жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!