Алматы облысында заңсыз балық тасымалдағандар ұсталды

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз балық тасымалдау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

31 қазанда "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасының аясында Еңбекшіқазақ ауданында полиция басқармасының Шелек полиция бөлімінің қызметкерлері Шелек-Ақтоғай тасжолында Mitsubishi SPACE WAGON автокөлігін тоқтатып, заңсыз тасымалданып жатқан 168,5 кг балықты анықтады.

Бұл дерек полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Алдын ала бағалау бойынша мемлекетке келтірілген шығын 551 мың 695 теңгені құрап отыр.

Тәркіленген балық арнайы қабылдау пунктіне жеткізіліп, одан түскен қаражат мемлекеттік қазынаға аударылады. "Браконьер" іс-шарасы браконьерлік әрекеттерді анықтап, табиғи ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, бұл іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!