Алматы облысында із-түссіз жоғалған ер адам үш айдан кейін өлі табылды

Алматы облысының Жамбыл ауданында биыл ақпанның басында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz ұйымының еріктілері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1987 жылы туған Өтеубаев Шыңғыс Иосифұлы 2026 жылғы 4 ақпанда жоғалып кеткен. Ол таңертең Жамбыл ауданы, Алматы - Бішкек тасжолының 60-шақырымындағы тұраққа заттарын қалдырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Еріктілердің мәліметінше, 12 мамырда жол құрылысшылары адам аяғы баспайтын жерден ер адамның мәйітін тапқан. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!