- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында үйге...
Алматы облысында үйге терезеден кіріп, 4 миллион теңгенің алтынын ұрлағандар ұсталды
Алматы облысының полицейлері ірі ұрлықтың бетін ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 сәуірде Қонаевтағы полиция басқармасы Шеңгелді ауылының 55 жастағы тұрғыны үйден алтын бұйымдарын ұрлаған бейтаныс адамдарға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданған.
Тергеу-жедел тобы күдіктілердің үйге пластикалық терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 4 миллион 170 мың теңге көлемінде ұрлық жасағанын анықтады.
Дерек облыс орталығының полициясында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркелді.
1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер анықталды. Қазір олардың барлығы қамауға алынды.
Күдіктілер Қонаев аумағында төрт ұрлық дерегін жасағанын және көршілес өңірдегі үш эпизодты мойындап отыр. Тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан