- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында үшінші...
Алматы облысында үшінші сынып оқушысын әкесі ұрып тастаған
Фото:
Tengrinews.kz
Алматы облысында үшінші сынып оқушысын әкесі ұрып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылында болған.
Үшінші сынып оқушысының сынып жетекшісі оқушының бетінде жара барын байқаған. Мұғалім бірден құзырлы орган өкілдерін және жедел жәрдем шақырған. Оқушының сөзінше, оны әкесі ұрып тастаған.
Қазіргі уақытта баланың ата-анасымен білім басқармасындағылар жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, оқушының әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина