Алматы облысында сенбі күні үш көлік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апаты Жамбыл ауданында, Алматы - Бесмойнақ тасжолының 77-шақырымында болған. Үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алды.
"Mercedes Benz 280 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Focus автокөлігімен, содан кейін инерция әсерінен ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты. Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Түрлі жарақат алған екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Публикация от 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!