- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында үш...
Алматы облысында үш жасар егіздің зорлануы: балалардың қайда екені белгілі болды
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында үш жасар егіздің зорлануына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысында пікір білдіруге болмайтыны білесіз. Мен барып, егізді және отбасындағы басқа балаларды көрдім", - деді Зәкиева журналистерге.
Ол балаларды зорлау ісі бойынша қыздардың өгей әкесі ғана емес, әжесі де ұсталғанын растады.
"Қазір тергеу жүріп жатыр, мен пікір білдіре алмаймын. Бірақ болған оқиғаға сәйкес бұл тұлғалардың не себепті ұсталғаны анықталды", - деді ол.
Омбудсмен журналистердің балалардың қазір қайда екені туралы сұрақтарына да жауап берді.
"Олар балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін ұйымда. Балаларды қолдау орталығында", - деп жауап берді Зәкиева.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталғаны хабарланған еді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да Балқаш ауданындағы 3 жасар қыздардың зорлану дерегіне қатысы бар күдікті ұсталғанын жазды.
Сонымен қатар, ол Instagram-парақшасында Алматы облысында зорланған балаларға қатысты оқиғаның сұмдық мән-жайын ашты.
Ішкі істер министрлігі осы іске байланысты полицияны тексеріп жатқаны белгілі болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек