Алматы облысында үш жасар егіз қызды зорлады деген күдіктінің әйелі де қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы облысында жас қызды зорлады деген күдікті ұсталды. Ол 40 жастағы ер адам болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды Тергеу барысында күдіктінің апалы-сіңлі қыздарды зорлауға қатысы бар екені анықталды. Күдіктінің әйелі де қамауға алынды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері сараптамалық тексерулер тағайындау арқылы жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Ведомство істің тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшысының ерекше бақылауында екенін анықтады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында үш жасар қыздарды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлаған едік.
3 қазанда Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкене қызына ауылдасы сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны айтып жүгінген.
Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Қылмыс жасады деген 40 жастағы ер адам ұсталды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да Балқаш ауданындағы 3 жасар қыздардың зорлану дерегіне қатысы бар күдікті ұсталғанын жазды.
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бүгінде балаларға медициналық көмек беріліп жатқанын хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!