- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында ұрлық...
Алматы облысында ұрлық жасаған адамның үйінен мылтық пен марихуана табылды
Алматы облысында ұрлық жасаған адамның үйінен мылтық пен марихуана табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 қарашада Межреченск кентінде профилактикалық іс-шара өткізу кезінде "Мерей" саяжай қоғамының 46 жастағы тұрғыны, ұсталды, ол үйге заңсыз кіріп, пластикалық терезе арқылы LG маркалы теледидар мен алтын бұйымдарды жасырын ұрлап әкеткен.
Дерек Іле ауданы ПБ-да ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Оқиға орнын тексеру барысында күдіктінің тұрғылықты жерінен тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтық және жалпы салмағы 4,5 килограмм марихуана есірткі заты бар сөмке табылды. Бұл деректер полицияда жеке өндіріспен тіркелді.
Қазіргі уақытта күдікті Іле ауданы ПБ УҰИ-ға қамаққа алынды және осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина