- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында Ұлы...
Алматы облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қанша теңге беріледі?
Биыл Алматы облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 79 жыл толуына орай Алматы облысындағы жеті ардагерге 2 миллион теңгеден қаржы бөлініп, азық-түлік себеттері беріледі.
Сонымен қатар, тылдағы еңбегі мен қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, жауынгерлерге, қоршаудағы Ленинград жұмыскерлеріне, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына, радиациялық апаттар мен ядролық сынақтардың құрбандары, сондай-ақ, соғыс мүгедектеріне 10-нан 50-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемақы беріледі.
Өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, оған қоса облыста әлеуметтік белсенділік экологиялық өзгерістермен жалғасып жатып. Сәуірдің 15-і мен 17-сі аралығында қоршаған ортаны тазарту мен сақтауға бағытталған "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Киелі мекен" шарасы өткен. Шараға 30 мыңнан аса адам қатысты, оның ішінде өнер қайраткерлері, мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, студенттер және әр аудан тұрғындары. Жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 7 тонна болса, оның 3 тоннасы қайта өңдеуге жіберілді. Санитариялық тазарту қажет аумақтың ауданы 6000 гектардан асты.
Еске салайық, бұған дейін Алматы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова