Алматы облысында 23 жастағы жігіт 48 жастағы әкесін балтамен ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға 3 шілдеде Алматы облысының Береке ауылында болды. Олардың үйінде екі адам болған. Бір кезде баласы әкесіне балтамен шабуыл жасаған. Ер адам жарақаттарынан қаза болды.
Полицейлер күдіктіні бірден ұстады. Ол невропсихиатрда есепте тұрады. Жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балта тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз