Алматы облысында туристер отырған автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 27 мамырда сағат 10:20-да болған. Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобуспен жол апаты болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, автобус "Қазавтожол" желісіне жататын "Аласа" асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты.
Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді.
Орын алған жол апаты бойынша адам шығыны тіркелмеген.
Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!