5 қазанда Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшыраған болатын. Оқиға салдарынан зардап шеккендер саны артты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Кеген ауданының Полиция басқармасында тіркелді.
"Зардап шеккендерге толық көлемде жедел медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер саны - 20 әйел мен 14 ер адам. Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы және 1 ТМҚК бригадасы (28 қызметкер және 14 санитариялық автокөлік) жіберілген. Кеген аудандық ауруханасында 1, Шелек ауылының аудандық ауруханасына 2, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 9 науқас ем қабылдап жатыр, жағдайлары орташа ауырлықта", - делінген хабарламада.
Автобус жүргізушісі Кеген ауданы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істі тергеу барысын облыстық полиция бастығы бақылауға алды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырағаны хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!