- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында төрт...
Алматы облысында төрт адам бір әйелді өлтірмек болған
Алматы облысында әйелді өлтірмек болды деген төрт күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 ақпанда таңертең Шонжы кентінің аудандық ауруханасына ашық бас сүйек жарақатымен 50 жастағы А. есімді әйел жеткізілді. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша тіркелген. 1999, 2001 және 2000 жылы туған төрт күдікті ұсталды. Олар Ұйғыр, Еңбекшіқазақ ауданы мен Алматы қаласының тумасы екені анықталды.
9 ақпанда сағат 4:00 шамасында күдіктілер терезеден, үйге кірген. А.-ны көргенде оның басына дене жарақатын салған.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан