- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында топырақ...
Алматы облысында топырақ көшкіні жүрді
Алматы облысында топырақ көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, 2 мамырда сағат 11:20-да ауа райы жиі құбылуына байланысты Талғар ауданы Бесағаш ауылы Баянауыл көшесіндегі №8 "Бурабай" коттедж қалашығында тау баурайынан көлемі шамамен 30 текше метр топырақ көшкіні жүрген.
"Бурабай" коттедж қалашығы Баянауыл көшесіндегі №16 үйдің тұрғындарын көшкіннен қорғау мақсатында 2021 жылы биіктігі 4 метр және ұзындығы 144 метр тірек қабырға салынған еді. Осы тірек қабырға топырақ көшкінінің тоқтауына себеп болды, осылайша, үйлер қирамады және адамдар зардап шекпеді", - деп жазылған мәліметте.
Қазір құлаған топырақ уақытылы шығарылып жатыр. Жергілікті жерде "Қазселденқорғау" ММ, Төтенше жағдайлар департаменті, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Қазгидроспецстрой" ЖШС қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова