- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында Тәуелсіздік...
Алматы облысында Тәуелсіздік жылдарында 723 нысан салынды
Алматы облысында Тәуелсіздік жылдарында 723 түрлі нысан салынды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңірде мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асуда. Мәселен «100 мектеп және 100 аурухана», «350 амбулатория» бағдарламалары аясында өңірде 17 аурухана мен емхана, 88 амбулатория мен дәрігерлік пункттер салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Барлығы 136 мектеп пен 42 балабақша, 22 спорт кешені, ауылдарда 204 ауылдық мәдениет үйі мен клубтар, 214 кітапхана ашылды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды жолдарын қайта жаңғырту, «Алматы-Талдықорған» магистралды газ құбырын салу жобаларын іске асыру аяқталуда.
«Талдықорған» индустриалды аймағы іске қосыла бастады, 41 мектеп салынып, 84 балабақша ашылды, 390 елді мекенде жолдар жөнделіп, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Талдықорған қаласында биылғы жылы бірқатар нысандар пайдалануға берілді. Атап айтсақ, «Оқушылар сарайы», «Жастарға қызмет көрсету орталығы», «300 орынға арналған қалалық көпсалалы аурухана», «Жастар» саябағы, «Қаратал» өзенінің жағалауы сияқты бірқатар үлкен жобалар іске қосылды.
Қазіргі таңда облыстың бюджеті де жыл санап ұлғайып, өсуде. Мәселен 1997 жылы Алматы облысының бюджеті небәрі 11 миллиард теңгені құраған болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 403 миллиард теңгеге жетіп отыр.
Самал Қабышева
Дереккөз: inform.kz