Алматы облысында тас жолда жүк көлігі отқа оранды. Оқиға, 28 қараша күні Алматы-Өскемен тас жолының 24-шақырымында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның хабарлауынша, көліктің қозғалтқыш бөлігінен жалын шыққанын көрген потрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүк көлігінің жүргізушісіне дауыс шығару құрылғысы арқылы тоқтауын талап еткен.
Жүргізуші жалынды көргенде қатты таңғалған. Оның айтуынша, көліктің отқа оранғанын мүлдем байқамай, жүре берген.
Тәртіп сақшылары ер адамға өрт сөндіру құрылғысымен жалынды ауыздықтауға жәрдем беріп, көлікті техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізуге көмектескен.
"Егер полиция қызметкерлері кездеспеген жағдайда бұл оқиғаның арты қайда әкеп соғарын білмеймін. Өз кезегінде тәртіп сақшыларына алғысым шексіз", - деді жүргізуші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз