Алматы облысында тағы да жер сілкінісі сезілді

Алматы облысында тағы да жер сілкінісі сезілді
Фото: Яндекс карта

Алматы облысында тағы да жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 қыркүйекте Астана уақытымен 13:53-те жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Жерасты дүмпуі былай сезілген:

  • Нарынқол ауылында 2-3 балл;
  • Кеген ауылында 2 балл.

"Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарында, гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел қаупі бар учаскелерде мониторинг жүргізген.

"Тексеріс нәтижесінде зақымданған жерлер табылған жоқ, қазір бұл нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қираған жерлер мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеді. Жағдай тұрақты", - деп жазылған хабарламада

Айта кетейік, Алматы тұрғындары алғашында 28 қыркүйекте сағат 06:32-де жерасты дүмпуін сезген. Кейінірек тұрғындар тағы да қатты жер сілкінісін сезді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget