Алматы облысы әкімінің өкімімен Рустам Исатаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рустам Маратұлы 1986 жылы дүниеге келген. 2008 жылы "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Дарем университетін тәмамдап, 2021 жылы Гарвард университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің бас сарапшысы, премьер-министрдің кеңесшісі, Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының консультанты, Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Kazakh Invest АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Eurasia Group Kazakhstan ЖШС вице-президенті, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Алматы облысы әкімінің орынбасары, ұлттық экономика министрінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
2026 жылғы мамырдан бастап Үкімет аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Талғат Байеділов Ұйғыр ауданының әкімі болып тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова