- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында су...
Алматы облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілді
Фото:
ТЖМ
Алматы облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Жиделі ауылдық округінде су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр.
"Қазір су басу қаупі жойылды. Бүгінде 45 тоннаға жуық инертті материалдар төселді, су тасқыны қаупі жоқ", - делінген хабарламада.
Осы жұмыстарға ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымның 25 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова