- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында, солтүстік,...
Алматы облысында, солтүстік, шығыс өңірлерде қашан газ қосылады?
Энергетика министрлігі "Алматы облысында және солтүстік, шығыс өңірлерде газ мәселесі қашан шешімін табады?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік пен шығысқа қашан газ қосылады?
Энергетика министрлігі мәліметінше, жауапты орган газ тартудың 2 нұсқасын қарастырып отыр.
- Біріншіден, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына газ тарту үшін "Сарыарқа" МГҚ 2.3-кезеңдерін жүзеге асыру.
"Бұл жобаны жүзеге асыру үішн "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының 2-желісін салу қажет. Қазіргі таңда тиісті техника-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр", - деп жазылған жауапта.
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
- Екіншіден, Ресей Федерациясынан газ тарту. Қазіргі таңда Үкімет және "Газпром" ЖАҚ солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды.
"Ресей компаниясымен газдың бағасын және газ құбырдың маршрутын анықтағаннан кейін түпкілікті шешім қабылданады", - деп жазылған жауапта.
Алматы облысы қашан газбен толық қамтылады?
1 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы облысының 72,3 пайызы газбен қамтылған. Бұл дегеніміз 1 107 014 (1 531 044-тен) тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілгенін білдіреді.
©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
Министрлік мәліметінше, әкімдіктердің бюджеттік өтінімдерін ҚР заңнамасына сәйкес қарап, Қаржы министрлігіне жібереді. Яғни, газдандыру жобалары бойынша тапсырыс беруші - жергілікті әкімдіктер. Осылайша, ведомство әкімдіктен сұрау қажет екенін айтып, бұл өңірге қатысты толық мәліметті ұсынбады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова