Алматы облысында шөп шабуға кеткен 14 жастағы бала табылмай жатыр

Алматы облысында шөп шабуға кеткен 14 жастағы бала табылмай жатыр

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы баланы тоғыз күннен бері іздестіріп жатыр. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғар ауданының полициясы 2007 жылы туған Қасейін Мұралға іздеу салды. Ол Талғар ауданының Көкдала кентінен 11 қыркүйекте сағат 14:00 шамасында шөп шабуға үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

"Бойы 165 сантиметр, дене бітімі орташа, көздері қоңыр, шаштары қара. Үстінде ашық сұр түсті жемпір, қара шорты, аяқтарында қызыл кроссовка болған. Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз 8 701 375 92 91 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова