- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында шетелден...
Алматы облысында шетелден әкелінген 700-ге жуық ауыр жүк көліктері заңсыз тіркелген
2022 жылды тексеру қорытындысы бойынша 5,1 миллиард теңге сомасына көлік құралын бастапқы тіркегені үшін алымды төлемей шетелден әкелінген ауыр жүк көліктерін тіркеудің 677 фактісі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары өңір прокуратурасымен бірлесіп, әкімшілік полиция басқармасының 2022 жылды тексеру қорытындысы бойынша 5,1 миллиард теңге сомасына көлік құралын бастапқы тіркегені үшін алым және 0,7 миллион теңге сомасына мемлекеттік баж төлемей шетелден әкелінген ауыр жүк көліктерін тіркеудің 677 фактісін анықтады.
Алматы облысы бойынша ЭҚД 3,1 миллиард теңге сомасындағы 413 салық төлеушіге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Көлік құралын тіркегені үшін алым бір рет төленеді.
"Үшінші елдерден әкелінетін автокөлік құралдары, атап айтқанда, шығарылған жылы 7 жылдан асатын ершікті тартқыштар, шығарылған жылы 5 жылдан асатын автобустар мен жүк автомобильдері бастапқы есепке қою кезінде алым төлемеген, оның мөлшері 2 500 АЕК немесе 7,6 миллион теңге болады. Қазіргі уақытта ӘПБ борышкерлерге хабарлама жіберу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан