Алматы облысында сел қаупіне байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"14-17 тамыз аралығында жаңбырдың күтілуіне байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар. Осыған орай Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына осы уақыта аралығында тауға шықпауға кеңес береді!", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматыда 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында сел жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарағайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті.