Алматы облысында малын өрістен айдап әкеле жатқан шаруаның қойлары балшыққа батқан. Қожалық иесі төтенше жағдай қызметіне хабарласып көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖ департаменті, жергілікті әкімдік және ауыл азаматтарының күшімен балшыққа батқан жалпы саны 1981 ұсақ мал құрғақ жерге шығарылды, 19 бас ұсақ мал шығынға ұшырады.
"Қыстақтан мал айдап келе жатып екі мың бас қойымызды балшыққа батырып алдық. Төтенше жағдай қызметінің жігіттері, өзіміздің ауылдың әкімшілігі, Ақтерек, Беріктас, Шилібастау ауылының балалары бәрі көмектесіп, ағайын-туғанның бәрі келіп шығарып берді. Барлығына рахмет айтамын" деді "Нұрболат " шаруа қожалығының басшысы Мұрат Исаев.
Саламат Сабыр
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!