Алматы облысында полиция тағы бір есірткі зертханасын анықтады

Алматы облысында полиция тағы бір есірткі зертханасын анықтады
Фото: polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесағаш ауылының маңында психотроптық заттарды заңсыз өндірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция тоқтатқан көлікті тексеру барысында жолаушылар орындығында 22 жастағы ер адам болған. Жеке тінту барысында одан ерекше иіс, ұнтақ заты бар қара полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

"Одан әрі жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдіктіге тиесілі жалға алынған гаражға тінту жүргізді. Тексеру кезінде 11 пластикалық бөтелке тәркіленді, ол ұсталған адамның айтуы бойынша сұйық күйдегі мефедрон екен. Сонымен қатар әртүрлі контейнерлерде, соның ішінде тоңазытқышта сақталған прекурсорлар мен ұнтақ заттары бар екі канистр табылды. Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 1,7 келіден астам "альфа-PVP" психотроптық заты екені расталды", - деді Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ бастығы Ардақ Қайсаров.

Психотроптық заттарды заңсыз дайындау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан